#біртұтастәрбиебағдарламасы
20.09.2024ж
Атырау облысы, Білім беру басқармасының Атырау қалалық білім бөлімінің #32 Мөлдір бөбекжай- бақшасы бойынша Астана каласынан "Айгөлек" қуыршақ театры келіп «Тапқыр тышкан» такырыбында койылым өткізді. Балаларға ұлттық тәрбие беретіндей қызықты да әсерлі қойылым болды. Балалардың көңілдері көтеріліп бір қуанып калды.

#біртұтастәрбиебағдарламасы
20.09.2024ж
#біртұтастәрбиебағдарламасы Атырау облысы, Білім беру басқармасының Атырау қалалық білім бөлімінің #32 Мөлдір бөбекжай- бақшасы бойынша "Қымбат маған ана тілім, бал тілім” педагогтер арасында байқау өтті. Тәрбиеші педагогтар сайыстың бөлімдерінде мәнерлеп оқу, мақал-мәтел ,сөз тіркестерінің мән мағынасы бойынша өз шеберліктерін көрсете білді.

#біртұтастәрбиебағдарламасы
20.09.2024ж
Атырау облысы, Білім беру басқармасының Атырау қалалық білім бөлімінің #32 Мөлдір бөбекжай- бақшасы бойынша "Ана тілім-өз тілім" тақырыбында қазақ тілі апталығы өз дәрежесінде өткізілді. Мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасын басшылыққа ала отырып ,тәрбиеленушілердің ұлттық құндылықтарды бойына сіңіртіп ,еңбекқор,адал, саналы жасампаз азаматты тәрбиелеу. Топ тәрбиешілер апта бойына әсерлі де мағыналы ұйымдастырылған іс шараны өткізді.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ.
20.09.2024ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 жылғы № 72 бұйрығымен Атырау қалалық білім бөлімі, №32"Мөлдір " бөбекжай - бақшасы, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында педагог- қызметкерлерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша сараптамалық кеңес отырысы өтті. Сараптамалық кеңес отырысында 2023 жылдың тамыз айларында және 2024 жылдың тамыз айларында педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеуден өткен 4 педагог- қызметкерлердің қызмет нәтижелеріне кешенді талдамалық жинақтау жүргізіліп, қорытындысы бойынша біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттау комиссиясына ұсынды. Маусым айының 17күні №1 хаттама негізінде және тамыз айының 29 күні №2 хаттамамен бөбекжай- бақшада аттестаттау комиссия отырысы ұйымдастырылып , білім беру ұйымдарының педагог- қызметкерлердің материалдарын (портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарап, нәтижесінде 4 педагог мәлімделген "педагог- модератор" біліктілік санатына *сәйкес келеді*- деген шешім шығарылды.

«Өрлеу-Атырау»
20.09.2024ж
«Өрлеу-Атырау» филиалы «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ-ға бөбекжай-бақшамыздың тәрбиешілері Абдулова Орынша Муратовна және Ергалиева Асемгуль Мухтасаровнаның жинақтары енгізіліп арнайы СЕРТИФИКАТпен марапатталды. .

“DIGITAL KAZAKHSTAN: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ”
20.09.2024ж
2024 жылдың 26 тамыз күні А “DIGITAL KAZAKHSTAN: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ” педагогтердің қалалық тамыз кеңесі өтті. Мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтерінің панельдік секциясы “МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР” тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдар арасында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге бөбекжай -бақшамыздың тәрбиешісі Ергалиева Асемгуль Мухтасаровна қатысып,өз тәжірибелерімен бөлісті. Тамыз кеңесінің қорытынды бөлімінде педагогымыз Қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды..

Гүлденген табиғат "Ғажайыптар әлемінде""
03.07.2024ж
КМКҚ 32"Мөлдір" бөбекжай-бақшасының "Күнщуақ "ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен "Артық суретті тап" дидактикалық ойын ұйымдастырды. Мақсаты:Жаз мезгілінде табиғат құбылыстарына сай суреттерді дұрыс тауып,орналастыруға дағдыландыру,ойлау қабілеттерін арттыру.Тәрбиеші Рахимгалиева Салтанат. балалармен табиғат құбылыстары туралы әңгімелесіп бірқатар мағлұмат берді.Балалармен серуен кезінде табиғат көріністерін бақылауға баулып, бөбекжай бақша аумағындағы гүлзарларда өсіп тұрған гүлдерді суарып,күтіп баптауды үйретті.

Гүлденген табиғат "Су әлемінде"
2.07.2024ж
КМКҚ 32"Мөлдір" бөбекжай-бақшасының "Ботақан "ересек топ тәрбиеленушілерімен "Су бетінде сурет салу" жұмыстары жүргізілді.Тәрбиеші Карчегенова С. балаларға сумен шынығудың пайдасы туралы әңгімелесіп бірқатар мағлұмат берді.Балалармен "Нысанаға дәл тигіз"тақырыбында сумен қимылды ойындар ұйымдастырылды. Мақсаты:түрлі түсті топтарды нысанаға дәл тигізуге дағдыландыру,шапшаңдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Саялы бақ
13.06.2024жыл
Тақырыбы:"Балабақша ауласында қандай ағаштар өседі?"тақырыбында "Күншуақ "ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен әңгімелесу. Мақсаты:Балаларға аштарды бақылап,оларға күтім жасау еңбектеріне баулу,ағаштар туралы түсініктерін кеңейту. Дидактикалық ойын:"Қай ағаштың жемісі" Таза ауада қимылды ойындар ойнады.

Саялы бақ
13.06.2024 жыл
Тақырыбы:"Балабақша ауласында қандай ағаштар өседі?" "Балапан"ересек, "Ақгүлдер"мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері. Мақсаты:Балаларға ойын алаңын қоқыстардан тазалау,оларға күтім жасау еңбектеріне баулу,ағаштар туралы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық жұмыс"Қай ағаштың жапырағы?"

"Жаз да келді,көңілді"
17.06.2024ж Сабын көпіршіктері күні "Тамшылар" дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салу. "Балапан"ересек тобы

"Жаз да келді,көңілді"
Табиғат аясында "Күлімдейді күн маған" Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды пысықтау. "Күн,су,ауа"ойын сауығы "Күншуақ" ортаңғы, "Балапан"ересек,"Ақгүлдер" мад топтарымен "Сылдырлайды Мөлдір су"тақырыбында,денсаулыққа ауа мен судың пайдасы туралы әңгімелесу,қызықты ойындар ұйымдастырылды.

"Қауіпсіз жаз"
24.06.2024ж
"Ботақан" ересек топ тәрбиеленушілері мен Бағдаршам күніне орай балалардың ережелерді есте сақтауы үшін "көше қозғалысы" туралы ойын ұйымдастырылды.
Тәрбиеші:Карчегенова Сану Саташовна
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

"АЛАҚАЙ, ЖАЗ КЕЛДІ! " ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУ. 2024 жылы мамыр айы қалалық "Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген " Алақай, жаз келді! " байқауында шығармашылық дағдыларымен ерекшеленген Атырау облыстық Білім беру басқармасы Атырау қалалық білім бөлімі №32 "Мөлдір" бөбекжай- бақшасының "Күншуақ" ортаңғы тобы жүлделі үшінші орынмен құттықтаймыз! Топ тәрбиешісі Абдулова Орынша Муратовнаға толағай табыстар, биік асуларды бағындыруға тілектеспіз!

"Балапан"ересек тобы
"Ақ гүлдер" мектепалды даярлық тобы
"Жас із кезушілер"
Дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салу.
Сурет салу әр баланың арманы,
Әр суреттің астарында бар мәні.
Өте ғажап мықтылардың салғаны,
Қиялменен келіп жатар қалғаны.

Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық.
Бөбекжай-бақша аумағындағы гүлдері суару,күтіп баптау жұмыстары
Тобы:"Балапан"ересек
Тәрбиеші: Ергалиева Асемгуль Мухтасаровна
Тобы:"Ақ гүлдер"мектепалды даярлық
Тәрбиеші: Дюсенбаева Айнат Амановна

Сурет салу
"Аңдар мен аңшылар"
Тақырыбы:"Менің сүйікті жануарым", "Ормандағы аңдар"
Бояуым көп баламын,
Сурет салып жүрмін мен.
Кезекпенен аламын
Әр бояуды бір-бірден.
Ал жұмысым басталды,
Маған осы ұнайды.

24 сәуір күні «Өрлеу-Атырау» филиалы «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ұйымдастырды. Біздің әріптесіміз Тәрбиеші Ергалиева Асемгуль Мухтасаровна педагогикалық ізденісі мен зерттеушілік қызметімен бөлісті.

"АЙГӨЛЕК " БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ. Атырау қалалық білім бөліміне қарасты коммуналлық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны №32"Мөлдір " бөбекжай- бақшасының 2023-2024 оқу жылында жетістіктер қоржыны тағы да жүлделі орындармен толықты. "ВОКАЛ" номинациясы бойынша "Ақгүллер"мектепалды топ тәрбиеленушілері Дюсипова Айлин мен Орақ Айша екінші дәрежелі дипломмен марапатталды, музыка жетекшісі-Кабдолова Райгуль Гизатуллаевна. "Хореография" номинациясы бойынша мектепалды топ тәрбиеленушілері ІІІ-ші дәрежелі орынмен марапатталды, жетекшісі Казыханова Марта Асылбекқызы. "КӨРКЕМ СӨЗ" номинациясы бойынша "Ақгүлдер" мектепалды топ тәрбиеленушісі Ибрагим Ералы ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшілері Дюсенбаева Айнат Амановна, Кайреденова Тураргуль Ибатоллаевна.Көркем қабілетке баулып, шығармашылық дамуына үлесін қосып жүрген тәрбиеші,мамандарға мың алғыс. Жетістігіміз көп болсын. Алдарымыздағы шәкірттеріміз қуанта берсін! Әріптестерімізге шығармашылық жетістіктер тілеп, биік асуларды бағындыруға тілектеспіз!

Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің КМҚК N32 “Мөлдір” бөбекжай-бақшасы. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында “Менің елім-менің бақытты балалық шағым!”атты қалалық байқауына қатысқаны үшін "Күншуақ"ортаңғы тобының тәрбиешісі Абдулова Орынша Муратовна "Алғыс хатпен" марапатталды. Құттықтаймыз💐💐💐

1 маусым балаларды қорғау күні ертеңгілігі!!! Бөбекжай-бақша бүлдіршіндеріне ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.

1 мамыр- Қазақстан халқының Бірлігі күні! Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. 2024 жылы 30 сәуір күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны №32 «Мөлдір» бөбекжай-бақшасында «Балапан»ересек тобы, «Күншуақ»ортаңғы тобы,«Ботақан»,ересек тобы, «Ақгүлдер» мектепалды топ тәрбиешілерімен таза ауада,ашық аспан астында 1 мамыр- Қазақстан халқының «Бірлік күніне» орай мерекелік шара өткізілді. Мақсаты: балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздң тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Тақырыбы: “Қош келдің, Әз Наурыз” "Ақ гүлдер" мектепалды және "Ботақан" ересек топ тәрбиеленушілері Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№32«Мөлдір» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кішкентай тәрбиеленушілері «Dara» өнер білім орталығының ұйымдастыруымен өткен"Анама сыйлық"атты республикалық шығармашылық байқауына қолөнер және көркемсөз номинациясы бойынша белсене қатысып,I-ші дәрежелі дипломдармен және де бөбекжай- бақшаның тәрбиешілері мен мекеме атына Алғыс хатымен марапатталды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің КМҚК N32 “Мөлдір” бөбекжай-бақшасында 1-сәуір күлкі күніне арналған ойын-сауық барлық топтарда өтті Мақсаты: Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау.Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу.Ептілікке шапшаңдыққа дамыту. «Күлкі – жанның шипасы» атты мереке ойын-сауық балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, балаларымыз қуанып шаттанды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің КМҚК N32 “Мөлдір” бөбекжай-бақшасында 1-сәуір күлкі күніне арналған ойын-сауық барлық топтарда өтті Мақсаты: Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау.Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу.Ептілікке шапшаңдыққа дамыту. «Күлкі – жанның шипасы» атты мереке ойын-сауық балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, балаларымыз қуанып шаттанды. Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің N32 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында Ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында қазақттың ұлттық ойыны "Бес тас" ойынын бөбекжай-бақшамыздың тәрбиешілері және дене шынықтыру нұсқаушысының қатысуымен өтті. «Бес тас» ойынының мақсаты: 1.Ұлттық ойындарды жаңғырту, дамыту. 2.Ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту. 3.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну, және оған сәйкес дұрыс әрекет (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау) 4.Бес тас ойыны ережелерімен танысу. 5.Ойынды дұрыс ойнау тәсілдерін анықтау. «Бес тас» ойынының міндеті: 1. Ойыншылардың бұлшық еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, ептілікке, қырағылыққа, тез шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйрету. 2. Ойыншылардың көзінің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіру. 3. Ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрету. 4. Ойыншылардың икемділігін арттыру, ой – өрісін дамыту, ептілікке тәрбиелеу

"Болашаққа-білімді, дені сау ұрпақ! спорттық интеллектуалдық эстафета. 2024 жылы 05 сәуір күні №16"Дюймовочка" бөбекжай бақша базасында өткен мектепке дейінгі тәрбиеленушілер арасында "Болашаққа-білімді, дені сау ұрпақ! "ұранымен спорттық интеллектуалдық эстафетасында екінші дәрежелі дипломға иеленген КМҚК 32"Мөлдір"бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері. Дайындық жұмыстарын жүргізген дене шынықтыру нұсқаушысы Джолдыбаева Алмагуль Уразгалиевна. Еліміздің болашағы-бүгінгі бүлдіршіндер.Сондықтан олардың болашақта дені сау азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды.Дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік!

07 Шілде 2022