03 Қар 2020
Жаңалықтар

Ғажайып алма

Т.Қайреденова    №32 «Мөлдір» балабақшасының ІІ санатты тәрбиешісі

 

Ұйымдастырылған   оқу  қызметі.

 

Күні: 1.10.2017

 

Білім  беру  саласы: Коммуникация.Таным .Шығармашылық.

 

Бөлімі: Көркем әдебиет.ҚМҰҚ.Сурет салу.

 

Тақырыбы: «Ғажайып алма»

 

Мақсаты:

 

Білімділігі: 1.Балаларды жемістердің түрлерімен таныстырып,оларды бір-бірінен түсі ,пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету.2.Балаларды қылқаламмен таныстыру.

 

Дамытушылығы: 1.Балалардың сүйіп жейтін жемісі-алмамен жақын таныстыру,түстер туралы ұғымдарын бекітіп,ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру.

 

2.Қылқалам мен бояуды  пайдаланып , жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,қолдың қимыл-қозғалысын дамыту.

 

Тәрбиелігі: 1.Табиғатты қорғауға баулу.

 

2.Ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ, сергіту сәті.

 

Көрнекілік: Күз мезгілінің суреттері слайдтар ,ғажайып сәт.

 

Сөздік жұмыс: алма,шырын, тосап.

 

Биллингвалды компонент: алма-яблоко,шырын-сок,тосап-варенье.

 

 

Ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  жүру  барысы

 

Кезеңдері

     Тәрбиеші  іс–әрекеті

Балаларіс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық кезең

Сәлемдесу:

Қайырлы таң!

Доброе утро!

Goodmorning!

Шаттық шеңбер: слайд

-Жарайсыңдар,балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Бұл мезгілдің қандай ерекшеліктері бар?

-Олай болса көзімізді жұмып ағаш болып тербелейік,жел болып есейік,бұлт болып аспанды торлайық,жаңбыр болып жауайық,жапырақ болып сыбдырлап,күн болып жарқырайық.

Ал енді көзімізді ашайық.

-Қандай  сезімде болдыңдар?

-Күз мезгілі туралы слайд көрсету.

 

Амандасады.

 

 

 

Күз мезгілі.

Күн салқындайды, жаңбыр жауады, т.б.

 

 

 

 

Әр түрлі жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 

-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын.Мұқият тыңдаңдар.

Жұмбақ жасыру:

Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады.(алма)

-Дұрыс айтасыңдар.

Сұрақ-жауап: слайд

-Балалар алма қайда өседі?

-Алманың түстері қандай?

-Пішіні қандай?

-Дәмі қандай?

-Қандай түрлерің білесіңдер?

-Бәрекелді балалар,алманың қайда өсетінің,түстерің,пішінің,дәмін,түрлерің біледі екенсіңдер.

-Мен сендерге алма туралы тақпақ оқып беремін.Сендер менімен бірге қайталаңдар.

Апорт деген алма бар,

Жер жаратын атағы.

Ондай алма қайда бар?

Алматы оның отаны.

-Балалар, алма  жемісінің  адамға пайдасы өте зор.

Өйткені оның  құрамыңда сендердің ағзаларыңа керекті пайдалы дәрумендер мол.

- Балалар,біз  алма туралы бірталай мағлұматтар алдық. Шаршап қалған сияқтымыз,бойымызды сергітіп жіберейік.

Сергіту сәті:

Алма теріп алайық,

Ыдыстарға салайық.

Көңілді әуенмен,

Үйімізге барайық.

Бойымыз сергіп қалдық.

Кәне,бәріміз көзімізді жұмайық. 1-ден 10-ға дейін санау.

Слайд.

Ендеше мен сендерді  «Аспаз мектебіме» қонаққа шақырамын.

-Сәлеметсіздер ме,балалар!

-Аспаз мектебіне қош келдіңдер!

Аналарымыз  алмадан қысқы азығымызды дайындап   түрлі шырын,тосап  дайындайды,және  сендерге арнап алма қосқан бәліштер пісіреді.

Орманнан теріп алған алмамыздан  мен сендерге арнап алмадан шырын  дайындап беремін.

Шырын дайындамастан бұрын,сендерді

 қауіпсіздік ережесімен таныстырамын.

-Пышақты рұқсатсыз ұстауға болмайды.

-Тоқпен қосылатын құралды үлкендердің рұқсатынсыз қолдануға болмайды.

-Лас жеміс-жидектерді жумай жеуге болмайды.

Тәжірибе- алмадан шырын дайындап көрсету

-Алманы жуып,тазалап,шырын дайындағышқа салып,  шырын дайындап береді.

Шырынды арнайы ыдысқа құйып,балаларға көрсетеді.

Ғажайып сәт: слайд.

-Бізге қонақ келген сияқты ,балалар.

-Кімді көріп тұрмыз?

-Дұрыс айтасыңдар,кірпі келіпті.

Үнтаспадан кірпінің дауысын  тыңдатады.

Кірпі бізден көмек сұрай келіпті.Көмектесеміз бе?

Үлгі көрсету.

Алдын-ала дайындалған қамырды  алақан арасына салып, домалақтап алманың пішініне келтіріп,алманың түстерін өз қалаулары бойынша

қылқаламмен бояп келтіреді.Көмек қажет еткен балаларға  көмек көрсетіледі.

Ендеше, осы алмадан дәмді етіп,салат дайындап көрейікші.

Алманы алып тазалаймыз,

Үккіштен өткіземіз.

Қант сеуіп дәмдейміз,

Жүзім қосып сәндейміз.

Міне,бізде бар тағам

Дәруменге бай тағам.

 

 

 

 

Шешуі: Алма.

 

 

Бақшада,бақта өседі.

Қызыл,көк,сары.

Дөңгелек.

Тәтті,қышқыл.

Апорт,лимонка, т.б.

 

 

 

 

 

2-3рет қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін бірге орындайды.

 

 

 

 

Санайды.

 

 

 

Амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

Түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Таң қалады.

 

 

 

 

 

 

Көмектесеміз.

 

 

 

Үлгіге қарап отырып,жасайды.

 

 

 

Бірге жасауға тырысады.

Рефлексивті коррекциялаушы

Қорытындылау:

-Бүгін немен таныстық?

Алманың түрі,түсі, пішінімен таныстық.Шырын дайындап  көрсеттік.Келген қонағымызға алма дайындап,қалаған түстерімізбен бояп бердік.

Бәрекелді, балалар.Жарайсыңдар.

 

 

Алмамен .

Өздерінің жасаған еңбектеріне қуанады.

 

Күтілетін нәтиже

 

Біледі:  Алманың  түрі,түсі, пішіні, дәмін  ажыратуды.

 

Игереді : Алманың қайда өсетіндігі  жөніндегі түсінікті.

 

Меңгереді:  Қылқаламмен,бояуды пайдалана отырып,алманы ұқыпты бояу  дағдыларын.