Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№32«Мөлдір» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында ата-аналарға арналған кеңес пункті ашылды. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Негізгі міндеттері : - мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша ата- аналарға әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету ; - ата-аналарға бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету; - ата-аналарға диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау; - мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу; - мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға ақпараттық қолдау көрсету. Отбасыларға консультация беру жұмысы балабақша мамандарының: басшының, әдіскердің, тәрбиешінің, медициналық қызметкердің, психологтың, логопедтің және басқа мамандардың қызметін кіріктіру негізінде құрылды. Консультациялық пункттің педагогтері: -ата-аналар арасында педагогикалық білімді белсенді тарату; -балаларды тәрбиелеуде отбасына тәжірибе арқылы көмек көрсету; -ата-аналарды консультациялық пункттің педагогикалық қызметіне тарту; -балалармен диагностикалық және түзету жұмыстарын жүргізуде жеке-бағдарланған тәсіл негізінде балалармен жұмыс бағдарламасын әзірлеп, жұмыста қажетті әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын қолдануда; - консультациялық пункт жұмыс жоспарын құрып; - ата-аналарды балалармен жұмыс істеуге белсенді қатысуға тартуда. Олар ата- анамен тікелей қарым-қатынас жасап, «кері байланыс» орнатып, баланың дамуын бақылайды. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған кеңес пунктіміздің есігі сіздер үшін әрдайым ашық.